Қызылордадағы жезөкшелікке мәжбүрлеу ісі. 217 адам жауапқа тартылмайды

1098
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/dina-taңsәri-960x500.jpg?token=1ca18efaf591c39cb564a77540d0414e
Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеуге байланысты іс бойынша 217 ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. «НеМолчиKZ» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі іске қатысты мәлімдеме жасады. Оның сөзінше,  5 қыркүйекте күшіне енген «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заңға сәйкес бұл адамдар жауапқа тартылуы мүмкін болған. Бірақ, қоғамды дүрліктірген оқиға 5 тамызда анықталып, 6 тамызда ғана шағым түскендіктен, жаңа заңның күші оларды қамтымайтыны айтылды.
"Оларды шақырды, кейбіреуін жұмыс орнынан тапты, кейбіреуін жұмыстан шығарды, тағы бірін жазалады, бірақ бұл қылмыстың себебін олар өзінің құмарлығы немесе ақы төлеп зорлық-зомбылық жасауға бейімділігінен емес, керісінше, қыздың өзіне және оның оқиғаны жария еткенінен көріп отыр", – деп жазды Таңсәрі.
Комментарии