Арал теңізіне 1 млрд текше метр су жіберілді

1296
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

4 ай ішінде Арал теңізіне 1 млрд текше метр су жіберілді. Бұл туралы бүгін, 10 ақпанда Су ресурстары және ирригация министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ресми дерекке сүйенсек, 2024 жылғы қазаннан биылғы қаңтарға дейін Солтүстік Арал теңізіне 1 миллиард текше метр су жіберілген.

«2025 жылдың соңына қарай теңіздегі су көлемі 23,4 млрд текше метрге дейін жетеді деп күтілуде.  Қызылорда облысының күріш алқаптарын лазерлік жоспарлаушымен тегістеу және су үнемдеу технологияларын пайдалану шамамен 200 млн текше метр су үнемдеп, оны Солтүстік Аралға жіберуге мүмкіндік берді. Үлкен Арал теңізінің тартылған аумағын қалпына келтіру үшін 4,4 млн көшет отырғызылды»,—делінген хабарламада.

2025 жылдың соңына қарай Арал теңізі табанын көгалдандырудың жалпы көлемі 1,1 млн гектарға жетуі тиіс.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер