118 рейс тоқтатылған. Жапонияда жолаушылар әуежайда түнеді

991
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/44e58612-b605-4b33-a500-6e7f3f1f87c4-960x500.jpeg?token=d88553f546ecaa32a9868334d5180967

Жапонияда қатты қарлы боран салдарынан 1500-ден астам жолаушы әуежайда түнеуге мәжбүр болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

11 ақпан күні күндіз Хоккайдодағы ең ірі әуежай – Син-Титосэ маңында қатты жел соғып, қарлы боран күшейген. Соның салдарынан ауа райы нашарлап,  118 рейс (оның ішінде Токио мен Осака бағыттары) тоқтатылды. Рейстердің тоқтатылуына байланысты көптеген жолаушылар жылдам жүретін пойыздарға отыра алмады, қонақүй брондауға мүмкіндігі болмады. Сол себепті 1650 адам түнді әуежайда өткізуге мәжбүр болып, төсеніштерді жайып, жерде ұйықтаған. 12 ақпан күні таңертең ауа райы айтарлықтай жақсарып,  ұшақтар кесте бойынша ұша бастаған.
Комментарии