Ақпанда АИ-92 маркалы бензин бағасы 300 теңгеге жетпек

1161
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/basty-foto-960x500.jpg?token=24bf17b7f5061a3f420d942237f9b8c9

Ақпанда АИ-92 қымбаттайды. Бұл туралы  Қазақстан жанармай қауымдастығы мәлімдеген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы kolesa.kz сайтына сілтеп.

Ақпаратқа сәйкес, Қазақстан жанармай қауымдастығы мемлекет бензин мен дизель бағасын реттеуден бас тартқандықтан 1 ақпаннан бастап Energy Group және «Қазмұнайгаз» сияқты жеткізушілер жанармайдың көтерме бағасын өсіргенін жариялаған.

Қауымдастық өкілдерінің болжамынша, осы айда кәсіпкерлер құны жоғары тауар алып жатыр. АИ-92-нің бағасы орта есеппен 4 теңге көтерілді.

Сол себепті қыстың аяғына қарай жанар-жағармай сол шамада қымбаттайды.

Сала мамандары бензин бағасына қосылған әр 4 не 3 теңгенің 80 %-ы жаңа акциз түрі ретінде бюджетке түсетінін атап өтті. Қосымша акциз мөлшерлемесін бекітетін үкімет қаулысына енетін түзету дайындалғанмен, әлі қабылданған жоқ.

Біраз уақыт бұрын шенділер бензин бағасын біртіндеп көтереміз деп уәде берген, АИ-92-нің бағасы 300 теңгеге жетеді.

Комментарии