5 миллион теңге сұраған. Талғарда бала ұрлағандар ұсталды

1126
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/kisen-960x500.jpg?token=1a3cc6ffea18ae3bfe2d1f7eefdc726b

Талғар ауданына қарасты Қызылқайрат ауылында белгісіз адамдар кәмелетке толмаған баланы ұрлап, оның отбасынан ақша талап еткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық топ өкілдері 5 миллион теңге сұрап, отбасын қорқытқан.

«Полицияға Балқаш ауданы Миялы ауылының 42 жастағы тұрғыны арызданды. Ол белгісіз адамдардың ұлын күштеп, көлікпен белгісіз бағытқа алып кеткенін хабарлады. Кейіннен олар баланы ұрып-соғамыз деп қорқытып, интернетте жеке сипаттағы видеоны тарататындарын айтып, ақша талап еткен», – деп мәлімдеді полиция қызметкерлері.

Қылмыскерлерді полиция 500 мың теңгенің бір бөлігін беру кезінде қолға түсірді.

Күдіктілерге қатысты бопсалау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.

Комментарии