Биыл 42 мың қазақстандық әскерге шақырылады

1003
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/02/img_6020-960x500.jpeg?token=9caa85fefe42301cab928686097901da

Биыл 42 098 адам әскери борышын өтеуге шақырылады. Үкімет қаулысына Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі саны 42 098 ер азаматты 2025 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыру жүргізілсін», – делінген қаулыда. 

Айта кетейік, былтыр әскерге 40 мың адам шақырылса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 37 мың адам болған еді.

Комментарии