Руслан Жанпейісов тұтқындалды (видео)

22896
Adyrna.kz Telegram

Полиция мен МАЙ қызметкерлерінің үрейін алатын Руслан Жанпейісов тұтқындалды. Русланның полиция бөлімшесінің ішінде кісендеулі күйінде құқық қорғау қызметкерінің қасында кетіп бара жатқан видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті. Мәселенің анық-қанығын білу үшін Шымкент қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметімен байланысу мүмкін болмай отыр.

Руслан Жанпейісовке қандай айып тағылғаны белгісіз. Бейресми ақпарат көздері Русланға 2-3 бап бойынша қылмыстық іс қозғалған дейді. Билік өкіліне тіл тигізу, орта дәрежедегі дене жарақатын салу деген секілді баптар бойынша іс қозғалуы мүмкін дейді.

Оның ұсталғаны туралы әзірге ресми ақпарат жоқ. Алдағы уақытта толық ақпарат беретін боламыз.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі жыл бұрын, 2017 жылдың наурызында полициямен күресуші  ретінде танымал Руслан Жанпейісов сот залынан босатылғаннан кейін видео-хабарлама жолдаған болатын. Бұрын пара алды деп айыпталған Руслан тергеу изоляторында болған кезде өзін қолдаған барлық адамдарға рахмет айтқан.  Жанпейісов өз қолдаушыларынан демалуға аз уақыт сұрап, сосын қайтадан әділеттілік үшін күресін жалғастыруға уәде берген болатын.

Руслан Жанпейісов Ютуб арнасы арқылы полиция қызметкерлерінің заңсыздығымен күресуші ретінде көпке танымал.

Пікірлер