Маңғыстауда бір отбасы газдан уланып қаза тапты

846
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/gaz-ballony-960x500.jpg?token=1ff02e64eb0b47cc676a7a18e1213fe5
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылында бір отбасы табиғи газдан уланып қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Төтенше жағдай 2 наурыз күні жеке тұрғын үйде болған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар мен медицина қызметкерлері бесі кәмелетке толмаған бала бар жеті адамның денесін тапты. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қайғылы жағдай газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан орын алған. Қаза болғандардың барлығы Қазақстанда уақытша тұрып жатқан Өзбекстан азаматтары екені анықталды. Орын алған төтенше жағдайды зерттеу үшін Мұнайлы ауданында арнайы комиссия құрылды. Комиссияға Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов жетекшілік етеді. Сонымен қатар, марқұмдардың туыстарына жан-жақты көмек көрсетілетіні хабарланды. Қайғылы оқиға Маңғыстау облысы әкімдігінің жеке бақылауына алынды.
Комментарии