Еурокомиссия Еуроодақтың қорғаныс шығындарын 150 миллиард еуроға арттыруды ұсынды

806
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/03/9e26a83f-b14f-428d-ae01-626c6e5fbc93.jpeg

Бүгін, 4 наурызда Брюссельде Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен жаңа ReArm Europe қорғаныс жоспарын таныстырды. Оның айтуынша, бұл жоспар Еуропалық Одақтың  қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын екенін және Украинаға көмек көрсету көлемін арттыруды көздейтінін көрсетеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы DW сайтына сілтеп.

«Біз қарулануды қайта күшейту дәуірінде өмір сүрудеміз. Еуропа Украинаны қолдаудан бастап, өз қауіпсізді үшін де жауапкершілікті алу мақсатында қорғанысына шығындарын едәуір арттыруға дайын », — деп мәлімдеді Еурокомиссия төрағасы журналистерге.

Оның жоспары бес негізгі бағытты қамтиды, олардың бірі - 150 миллиард еуролық жаңа қор.

Бұл әуе және зымырандық қорғаныс, артиллериялық жүйелер, зымыран және оқ-дәрілер, ұшқышсыз ұшақтар мен ұшқышсыз қорғаныс жүйелері, сондай-ақ кибернетикадан әскери мобильділікке дейінгі басқа қажеттіліктер сияқты қорғанысқа

инвестициялау үшін қажет.

Еуроодақ елдері қарыз алу арқылы Украинаға әскери техника жеткізуді жеделдетіп, бірлескен сатып алулар арқылы өз қорғанысын күшейте алады.

«Бұл бірлескен сатып алулар арқылы шығындарды азайтып, бөлшектенуді төмендетіп, операциялық үйлесімділікті арттырып, қорғаныс өнеркәсіптік базамызды нығайтады», — деп сенімді түрде айтты Еурокомиссия басшысы.

Жалпы алғанда, әртүрлі қаржылық тұтқаларды пайдалана отырып, ReArm Europe бағдарламасы Еуропаның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін шамамен 800 миллиард еуроны жұмылдыруға қабілетті, деп есептеді Еурокомиссия.

Фон дер Ляйен ұсынысын 6 наурызда Украинаға қолдау көрсету жөніндегі арнайы саммит қарсаңында Еуроодақ елдерінің көшбасшыларына жіберген.

Еурокомиссия төрағасының сөз сөйлеуіне бірнеше сағат қалғанда, АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға әскери көмек жеткізуді белгісіз мерзімге тоқтататынын мәлімдеген болатын.

Комментарии