Қаскелеңде “адам зорлады” деген күдікті түрмеден қашып кеткен

1518
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/347dbe0d-4abf-4853-ad15-d80e1549e7fd-960x500.jpeg?token=33a382e2e2051a87218af5f8dbb4a36f

Алматы облысының Қаскелең қаласында “адам зорлады” деп ұсталған күдікті түрмеден қашып кеткен.Алматы облыстық полиция департаменті ақпаратты растады, деп хабарлайды Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, 1 сәуірде Қаскелеңдегі аудандық сотта 1995 жылы туған күдікті қашып кетті. Ол адам адам зорлады деген күдікке ілінген. Қалада “Сирена” арнайы жоспары енгізілген. 

Алматы облысының полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді. Қазіргі

уақытта М. атты күдіктінің тергеу изоляторынан қашып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалған. 

- Қашып кеткен адамды ұстау бойынша кешенді шаралар қабылданып жатыр. Істің мән-жайын анытау үшін қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Азаматтардан сабыр сақтап, іздеуде жүрген азаматтың қайда екені туралы мәлімет білсе, дереу 102 нөміріне хабарласуын сұраймыз, дейді полиция департаментінің өкілдері. 

Комментарии