Астрахан ауданына қарасты Ягодное ауылында су тасқынының салдарынан екі электр бағанасы құлап, елді мекен жарықсыз қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Мәліметке сәйкес, Колутон өзенінің тасуы нәтижесінде электр желілерін ұстап тұрған тіректерді су шайып кеткен. ТЖМ оқиға орнынан видео да жариялады. Кадрларда
құтқарушылардың құтқару кеудешелерін киіп, су басқан аумақпен жүзіп жүргені көрінеді.
«ТЖМ қызметкерлері электр мамандарымен бірлесіп қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда ауылға жарық берілді», — делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, көктемгі су тасқыны Ақмола облысында бірқатар елді мекендерге қауіп төндіріп отыр.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз