Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралады

1352
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/2b32ba61-07d1-4f12-8de0-04866bd2ef1f-960x500.jpeg?token=d629b3f6cd3b7b644e5a3ce038d926a4

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мемлекет басшысына азық-түлік қауіпсіздігін сақтайтын мұндай нысанның аймақта алғаш рет салынғаны жөнінде баяндалды.

Аталған орталық өңірді азық-түлікпен қамтамасыз ету, тұтынушылармен арадағы делдалдарды азайту және өнім бағасын төмендету мақсатында бой көтерген.

Аумағы 80 мың шаршы метр болатын кешенде 40 мың тонна өнім сақтауға болады. Жобаны жүзеге асыруға 5 миллиард теңге инвестиция тартылған. Жыл соңына дейін орталықтың екінші кезеңін іске қосу жоспарланған.

Қазіргі кезде өнім жеткізумен айналысатын отандық ірі кәсіпкерлермен келісімшарт жасау жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

Комментарии