Министр Ербаян Мұхтардың диагнозы өте ауыр екенін айтты

1457
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/76d6b694-b242-434e-98fc-6846824c245b-960x500.jpeg?token=8c25cae1e2aec617e0f21d51982c724f

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әскерде жараланған сарбаз Ербаян Мұхтардың жағдайы жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ербаян Мұхтардың жағдайы Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бақылауда. Ата-анасымен осыдан бірнеше күн бұрын кездестім. Жағдайы тұрақты. 16 медициналық қызметті қосымша алу қажеттілігіне байланысты Ұлттық медициналық орталығына күні кеше жатқыздық. Қасында әкесі бар. Тиісті көмекті сырқатына байланысты алып жатыр, – деді Ақмарал

Әлназарова үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Ербаянның диагнозы өте қиын. Жарақатпен бірге денесіне инфеккция да түскен.

«Тиісті ем-дом шаралары жүргізіліп жатыр. Түркияға барып келді. Өзіміз де қосымша қарап жатырмыз. Қажет болса Түркияда немесе басқа мемлекетте ем-домын ұйымдастыру мәселесін ата-анасымен талқыладық. Қазақстанда емделуге келісімдерін берді. Алдын-ала болжам жасамай-ақ, көмектің алып жатқанын айтқым келеді, – деді ол.

Комментарии