Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атқан күдіктіге 15 жыл немесе өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпарат бойынша, тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша жүргізіліп жатыр:
- ҚК 24-бабының 3-бөлігі — қылмысқа (әрекет не әрекетсіздік) оқталу, яғни қылмыс пысықталып, іске асырылмақ болғанымен, өзге жағдайлар бойынша аяқталмаған;
- ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігінің 6-тармағы — басқа тұлғалардың өміріне қауіпті әдіспен кісі өлтіруге оқталу.
Осы баптар бойынша санкция ретінде 15–20 жылға бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына қамау көзделген.