Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің 9 мамырда ұсынылған үш күндік бітім туралы бастамасын қабылдамай, оның орнына 30 күндік оқ атуды толық тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ВВС-ге сілтеп.
"Сөзсіз оқ атуды тоқтату – бұл америкалықтардың ұсынысы. Біз оны қабылдаймыз. Осы күннен бастап немесе басқа күннен бастап – мүмкіндігінше ертерек. Иә, 30 күнге байқап көрейік. Неліктен 30 күнге? Себебі үш,
Сондай-ақ, Украина басшысы 9 мамырда Мәскеуге баратын басшылардың қауіпсіздігіне Киев кепілдік бермейтінін айтты.
Бұған дейін Зеленский Путиннің бітімгершілік ұсынысын "айла-шарғы жасау әрекеті" деп бағалап, Украина наурыз айында-ақ АҚШ ұсынған бастамаға келіскенін еске салған болатын. Оның айтуынша, соғыс әрекеттерін тоқтату үшін 9 мамырды күтудің қажеті жоқ.