Шымкент тұрғыны 120 тонналық вагондарды сүйреп, рекорд орнатты

1090
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/4fa5145b-032d-4728-9bad-47c4f793f4ae-960x500.jpeg?token=496468b5ab32c62273ccafe5e31a8053
Шымкенттік алып күштің иесі Артық Досалиев Қазақстан рекордын жаңартты. Бұл туралы 24kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Ақпаратқа сәйкес, 52 жастағы спортшы салмағы 120 тонна болатын вагондарды сүйреп, 21 метр 40 сантиметрге дейін жылжылтты. Алдымен Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі, рельстің деңгейін, жүктің салмағын тексеріп, арақашықтықты өлшеуден өткізді. Рекордтың орнатылғанын растап, сертификатты табыстады. Артық Досалиев бұл жетістігін Жеңіс күні қарсаңында батыр бабалардың ерлігін ұлықтап, рухына тағзым етуге арнады. Осы нәтижеге жету үшін бір жыл бойы дайындалғанын айтады. Ол спорттың осы түрінен 5 рет әлем чемпионы, 2 дүркін Еуропа және Азия жүлдегері атанған. Сондықтан жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. «Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында осындай рекорд орнатуға ниет етіп, батыр бабаларымыздың рухына тағзым жасадым. Келесі жылы да 6-7-10-20 вогонға дейін сүйреуге ниеттеніп отырмын», - дейді пауэрлифтингтен әлем чемпионы Артық Досалиев. Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков жаңа рекордқа танданысын жасырмады. «Бұрын-соңды Қазақстанда болмаған рекордтың орнатылғанын көріп, куә болып отырмыз. Оның алдында біз жолдың тегістігін тексердік. 21 метр 40 см-ге тартты. Жалпы салмағы – 120 тонна», - дейді Бақытжан Тастүлеков.
Комментарии