Қазақстан таеквондодан клубтар арасындағы чемпионатта 7 медаль алды

3495
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/79db6fd3-7e09-407c-905d-09bb88eafc64-960x500.jpeg?token=18a4441b7cbe35b5fa5503032c67d827

Қытайдың Уси қаласында таеквондодан клубтар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасы жеті медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға ие болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Турнирде алтын жүлдені Мария Севостьянова (57 келіге дейін) мен Дамир Шуленов (68 келіге дейін)

жеңіп алды.

Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) күміс медаль иеленді.

Қола медальға Нодира Ахмедова (49 келіге дейін), Тамирлан Тлеулес (58 келіге дейін), Алтаир Өмірбеков (74 келіге дейін) және Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) қол жеткізді.

Комментарии