«Қазсушар» филиалдары 300-ден астам жаңа техника алды

1742
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/45b48224-fd55-4b78-9c1c-7fd84654396d-960x500.jpeg?token=d14c5deda91dc6d65d9c4d5c4ae0c78e

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын жалпы саны 757 техникамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Жұмыс бес кезеңмен жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда алғашқы төрт кезең бойынша 636 техника жеткізуге келісімшарттар жасалды.

Келісімшарттарға сәйкес, техникалар Қазақстанның 14 облысындағы «Қазсушардың» 17 филиалына жеткізіледі. Соңғы кезең бойынша

конкурс рәсімдері өткізіліп жатыр.

«Филиалдарды жаңа техникамен жабдықтау су нысандарын тазалау және гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңарту жұмыстарын жедел жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл тасқын суына қарсы шаралардың тиімділігін арттырады»,– деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Комментарии