Президент Вьетнам елінің басшысы То Ламмен келіссөз жүргізді

959
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/cdea834f-d0f8-4218-9baa-c3bc16f11ac4-960x500.jpeg?token=949b01b8be25b016fc7b4c1fe27666f4
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитеті Бас хатшысы шағын құрамда То Ламмен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Президент Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитеті Бас хатшысының Қазақстанға алғаш рет сапарлап келгенін, бұл қадамды екі ел арасындағы мызғымас достықтың айғағы деп бағалаған. «Вьетнам – Қазақстанның Азиядағы маңызды серіктесі. Біздің өсіп-өркендеу жолындағы мүддеміз – ортақ. Мен екі жыл бұрын Вьетнамға ресми сапармен бардым. Сонда екіжақты ықпалдастықтың жаңа бағыттарын дамытуға уағдаластық. Келесі айда екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 33 жыл толады. Алдағы уақытта да қос халықтың достығы нығая бермек. Мен бұған кәміл сенемін. Біз ортақ мақсат-міндеттерге жету үшін күш жұмылдыруға әрдайым дайынбыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ал Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің басшысы То Лам өзіне Қазақстан тарапынан көрсетіліп жатқан сый-құрмет үшін алғыс айтып, жүргізіліп жатқан келіссөздердің нәтижесі Қазақстан мен Вьетнам арасындағы қарым-қатынас көкжиегін кеңейтуге ықпал ететініне сенім білдірген. «Сіздің Вьетнамға жасаған сапарыңыздан кейін екі жыл өткенде біздің делегацияның еліңізге арнайы келуі мемлекеттеріміздің ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар өзара сенім деңгейінің жоғары екеніне айқын дәлел. Қазақстан Вьетнамның Орталық Азиядағы алғашқы стратегиялық серіктесіне айналады», – деді То Лам. Айта кетейік, бүгін 6 мамыр күні Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды Ақордада қарсы алды. Бұл келіссөздер негізінде тараптар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.
Комментарии