Жезқазған қаласында 2023 жылы қыркүйекте ауыр қылмыстық оқиға нәтижесінде қаза тапқан Медет Исламның өліміне қатысты қылмыстық іс Жоғарғы сотта қайта қаралатын болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп.
Оқиға 13 қыркүйек күні қала орталығында орын алған. 35 жастағы Медет Исламға бірнеше жерінен пышақ сұғылып, ол сол жерде көз жұмған. Тергеу барысында бұл шабуылға «Арнатовтықтар» деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 мүшесі қатысқаны анықталған болатын.
Алайда, бір жылға созылған тергеуден кейін, 2024 жылдың қазан айында сот алдында тек 5 адам жауапқа тартылды. Сот үкімімен небәрі үш адамға жаза тағайындалды. Қалған үш күдікті сот залынан босатылып, тағы алтауы қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.
Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл іс бойынша баспасөз конференциясынан кейін ғана тергеу мен сот шешіміне назар аударылып, іс Жоғарғы сотқа жолданды. Енді бұл қылмыстық іс қайта қаралатын болды.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз