Украина олар барда Қызыл алаңды бомбаламайды

1992
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/whatsapp-image-2024-05-07-at-11.44.59-960x500.jpeg?token=79fe9cea2b901a23a477bbd8062753bc
Мәскеудегі парадқа барған мемлекет басшылары қонақ та емес, украиналық дрондардан қорғайтын қолшатыр. Ресейге олар, ең алдымен, Украинаның пилотсыз ұшатын аппараттарынан сақтану үшін қажет болды. Ресей президентінің жанұшыра жан-жаққа хабарласып толассыз шақыру қағаздарын жіберуінің себебі де сонда. Мен білсем, Украина олар барда Қызыл алаңды бомбаламайды. Егер де шабуыл жасайтын болса, онда Украина шетел басшыларының өміріне қауіп төндірген болып шыға келеді. Демек, бірнеше елдің Ресей жағында соғысуына ресми әрі негізделген себеп береді. Ал Украинаға дәл қазір артық жау табудың қажеті жоқ. Ресейдің парадқа шетел әскери құрамаларын қатыстыруы да сол "шабуыл жасай ма" деген қауіптен туған шешім. Әйтпесе, Кеңес Одағын қорғауға қатысқан барша елдерді шақырғыш болса бұрын қайда қалды? Отыз жыл бойы "Защитили силой русского оружия", "Благодаря русскому солдату" деп лепіріп жүрмеп па еді. Енді басқаша сайрап шыға келді. Дегенмен де, Құдай шебер ғой, амалсыздан мойындатты Ресейді.))  

Mukhtar Tumenbay

     
Комментарии