Мәскеудегі парад. Президент Қазақстан Қарулы күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті

1288
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/74f0f3e5-b89f-49d5-a4e9-b033974c02d1-960x500.jpeg?token=0e30a510f47201d5952ca686b88a584f

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызыл алаңда парадқа қатысып жатқан Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Парадта Қазақстанның атынан келген Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы 37-десанттық-шабуылдаушы

бригадасының әскери қызметкерлерін салтанатты бөлімін таныстырды.

"Құрамында 80 әскери қызметкер бар парадтық бөлімді полковник Алмас Төлегенов басқарды", – делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

Тоқаев еліміздің сарбаздары шыққан кезде орнынан тұрып, сәлемдесті.

Комментарии