Ақтау қаласының 27-шағын ауданындағы азық-түлік дүкенінде ер адам кассада отырған әйел адамға шабуыл жасағанын. Бұл туралы желіде видео тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Кадрда ер адамның әйел кассирге шабуыл жасап, оның оң құлағынан жұдырықпен ұрғаны көрінеді. Соққы жасағаннан кейін ол дүкеннен тез шығып,
қашып кеткен.
Оқиғаға қатысты желі қолданушылары ашулы пікір қалдырды.
«Мұндайға жол беруге болмайды!», «Мына агрессорды тауып, жазалаңдар!», «Дүкенде ер адамдар болып, тоқтата алмағаны өкінішті», «Оны ұстап, тезірек қамауға алады деп үміттенемін», — деп жазады ашулы қала тұрғындары.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз