Франция президенті Эммануэль Макрон Украинаға техника мен жабдықтар беруде өз қорындағы барлық мүмкіндіктерді пайдаланғанын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы TF1 телеарнасына сілтеме жасап.
Макрон Францияның Киевке көптеген снарядтар мен түрлі әскери техника, оның ішінде артиллериялық жүйелер жеткізгенін атап өтті. Алайда ол ел қауіпсіздігіне қауіп төндірмей, көмекті одан әрі арттыру мүмкін еместігін айтты.
“Біз Украинаға барымызды бердік. Бірақ қолыңда жоқ нәрсені бере алмайсың. Өз қауіпсіздігіміз үшін қажетті дүниелерден өзімізді айыра алмаймыз”, – деді Франция президенті.