Екі миллион қазақстандық кедейлік деңгейінен де төмен тұрады

3935
Adyrna.kz Telegram

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ең көп саны Алматы облысында, - деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
Атаулы әлеуметтік көмекке өтініштер санына сәйкес екі миллион қазақстандық кедейлік шегінен төмен өмір сүреді. АӘК-ны әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар алады.

Қазір тізімде 2 миллион адам немесе 405 мың отбасы бар. АӘК қамтамасыз етуге бюджеттен 204,5 млрд. теңге бөлінді.

Аймақтар бойынша ең аз қамтамасыз етілген азаматтар Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Шымкентте тұрады. АӘК алушылардың ең аз саны - Нұр-Сұлтан, Алматы, қалалары мен Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында.

Пікірлер