Ашхабадта Орталық Азия климатының өзгеруіне арналған 7-ші конференция өтіп жатыр

2181
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/dc86e1d63358a7783f9f1b35561f4a2c_1280x720-960x500.jpg?token=d8bc4480c7abfc5dd0a46e0faeea76c3
2025 жылғы 13–15 мамыр аралығында Ашхабад қаласында климаттың өзгеруіне арналған Орталық Азияның 7-ші конференциясы (ОАҚӨК-2025) өтіп жатыр. Конференцияның басты тақырыбы – өңірлік және ұлттық климаттық шараларды іске асыру үшін климаттық қаржыландыруды жұмылдыру. Бұл мәселе жаһандық температура рекордтарының жаңаруы және өңірдегі климаттық тәуекелдердің артуы аясында аса өзекті болып отыр. ОАҚӨК-2025 конференциясы Орталық Азия елдерінің, үкіметтердің, парламенттердің, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының, ғылыми орталықтардың және азаматтық қоғамның өкілдерінен құралған 200-ден астам қатысушыны біріктірді. Конференция БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптарының 29-шы конференциясының (COP29) шешімдерін іске асыру және алдағы COP30-ға дайындық, ұлттық бейімделу жоспарлары мен жаңа ұлттық үлестерді (ҰДАҮ 3.0) әзірлеудегі өңір елдерінің ілгерілеуін бағалау, сондай-ақ Жаңа ұжымдық сандық климаттық қаржыландыру мақсатына (NCQG) сәйкес стратегиялық әрі әділ климаттық қаржыландыру тәсілдерін әзірлеу мәселелері бойынша пікір алмасу алаңы болды. ОАҚӨК-2025 конференциясының негізгі элементтерінің бірі – ұлттық басымдықтарды өңірлік климаттық архитектураға біріктіруге назар аудару және төмен көміртекті даму жолына көшу тәжірибелерімен алмасу болды. Қазақстан Республикасынан конференцияға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми-зерттеу институттарының және Парламенттің өкілдерінен құралған делегация қатысты. Делегацияны Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М. Ошурбаев бастап барды. Вице-министрдің сөзінде 2026 жылы өтетін Өңірлік климаттық саммитке ерекше назар аударылды. Қазақстан бұл саммитті өңірлік диалогты нығайтудың және күш-жігерді үйлестірудің стратегиялық алаңы ретінде қарастырады. Сонымен қатар, Экология және табиғи ресурстар министрлігі ОАҚӨК-2025 алаңында «Жасыл көпір»: ҰДАҮ іске асыруды жеделдету мен нығайтуға арналған инновациялық технологиялар» атты параллельді сессия өткізді. Бұл сессия Орталық Азия елдерінің арасындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ Green Bridge Partnership Program (GBPP) жаһандық цифрлық платформасы арқылы климаттық технологиялар трансферінің тетіктерін енгізу жолымен ҰДАҮ тиімді іске асыруға бағытталған.
Комментарии