Парижде қазақ-қырғыз айтысы өтеді

969
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/95ef22be-b93d-4b74-91b3-5807d1d06c15-960x500.png?token=cd5d1024f8edc84734603885d20f0ac2

2024 жылғы 17 мамырда Франция астанасы Париж қаласында қазақ-қырғыз ақындарының айтысы өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің отырысында депутат Мирлан Самыйкожо хабарлады.

Оның айтуынша, халықаралық деңгейде өтетін мұндай айтыс Қырғызстан тарихында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Іс-шара Қырғызстанның Франциядағы елшісі Садық Шер-Ниязбен бірлесіп жүзеге асырылады.

"Біз Жогорку Кенеш депутаты Шайырбек Ташиевпен және елші Садық Шер-Ниязбен бірге мәдениетімізге үлес қосу мақсатында қазақ-қырғыз айтысын өткізуді ұйғардық. Бұл – халықтардың достығы мен бірлігін дәріптейтін маңызды тарихи оқиға болады деп ойлаймын" - деді Мирлан Самыйкожо.

Айтыста қос елдің ақындары өзара өнер көрсетіп, достық пен ынтымақты жырламақ.

Комментарии