Әлеуметтік желілерде Мысырда қазақстандық азаматтарды жаппай ұстау басталды деген ақпарат тарауда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Онда жергілікті полицияның көшелер мен үйлерден адамдарды күштеп алып кетіп, студенттерді де ұстап жатқаны,кейбір азаматтардың заңды құжаттары болғанына қарамастан елден депортацияланғаны туралы жазылған.
Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, ұстау кезінде құқық қорғау органдары азаматтардың жеке заттарын тәркілеп, кейін қайтармаған деген де мәліметтер бар. Сонымен қатар, ұсталғандар
Алайда бұл ақпаратқа қатысты Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасады.
"Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтарынан ешқандай ресми шағым түскен жоқ. Дегенмен, Қазақстанның Мысырдағы елшілігі студенттермен профилактикалық әңгіме жүргізіп, елдегі көші-қон заңнамасын сақтау қажеттілігін ескертті," – делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.