Журналист Әйкерім Есенәлі радио басшылығына тағайындалды

6561
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/ea842876-993d-4049-933e-0823adbb5b4d-960x500.jpeg?token=7161832821df0cf41f59d682737896ac
Белгілі журналист Әйкерім Есенәлі Орда FM радиосының директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы журналистің өзі әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. «Бұл, әрине, үлкен жауапкершілік, әрі сенім. Астана мен Алматыда тыңдарманын тапқан радионы жаңа мүмкіндіктерге жетелеу - алдағы мақсатым. Сенім артқан әріптестер, медиаменеджерлерге алғыс айтқаным орынды болар. Бұл жай ғана жаңа қызмет емес, мен үшін шығармашылық пен жауапкершіліктің жаңа кеңістігі», - деп жазды журналист. Ол алдағы уақытта Орда fm-де қызықты жобалар мен тың бастамалар болатынына уәде берді. Әйкерім Есенәлі 2004-2008 жылдары Қорқыт Ата университетінде филология мамандығы бойынша білім алған. 2008-2010 жылдары «Қазақстан» арнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасында, 2010 жылы «Хабар» агенттігінде редактор-жүргізуші болды. 2010 жылдан бері «Love Radio» радиосында жұмыс істейді. 2013-2014 жылдары «Әйел бақыты» ток-шоуын, 2015 жылы «Қазақстан дауысы» мен «Сәлем, Қазақстан!» жобаларын жүргізді. 2016-2019 жылдары бірнеше телеарнада бас продюсер, жүргізуші, департамент жетекшісі қызметтерін атқарды. 2020 жылы «Егіз-лебіз» мегажобасын, 2022 жылдан бастап «Өмір көркем» бағдарламасын жүргізіп келеді. Сондай-ақ, Сенат пен стратегиялық институттарда PR және сарапшылық қызметтер атқарған.
Комментарии