Белсенді Дидар Смағұловқа Ресейге кіруге өмір бойы салынды
Белсенді Дидар Смағұловқа Ресейге кіруге өмір бойы салынды
16.05.2025
1421
«Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұловқа Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Ресейге кіруге өмір бойына тыйым салған. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
Смағұловтың айтуынша, ол досына құқықтық мәселесін шешуге көмектесу үшін Ресейге бармақ болған. Белсендінің сөзінше, ресейлік шекарашылар таңғалған — олар өмір бойына елге кіруге тыйым салынған адамды жиі кездестіре бермейді, әсіресе бұл шектеу ФСБ
тарапынан қойылса. Осы сәтті пайдаланған Смағұлов шекарашыларға тегін заң кеңесін өткізген.
«Ресейдің ФСБ-сы маған елдеріне баруға өмірлік тыйым салыпты. Онша қынжылған жоқпын, бірақ досыма құқықтық мәселесін шешуде бірге бола алмағаным өкінішті. Енді бұл халықаралық деңгейдегі құқықтық есепке айналды — мен оны құқықтық алаңда шешетін боламын», — деп жазды Смағұлов.
Фото: Дидар Смағұлов Facebook парақшасынан