“Мәйітпен” пранк. Астанада блогер қамауға алынды

979
Adyrna.kz Telegram

Астанада пранк жасап, көпшіліктің ашуын туғызған блогер Араш Гасанов әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқиға елордалық тұрғын үйлердің бірінде болған. Блогер достарымен бірге лифт ішіне бетін жапқан “өлі денені” кіргізіп, кейіннен жарықты өшіріп, “мәйіттің” кенет қозғалуын ұйымдастырған. Бұл сәт лифт ішінде жалғыз тұрған ер адамның қатты қорқуына себеп болды. Кейін блогер оның тіс емханасына арналған 30 мың теңгелік сертификат ұтып алғанын айтып, бұл пранк арқылы жарнама жасағанын түсіндіреді.

Алайда әлеуметтік желі қолданушылары мұндай әрекеттің қауіпті екенін айтып, адамның психикасы мен денсаулығына зиян келуі мүмкін екенін жазды. “Бұл әзіл емес. Егер адамның жүрек дерті болса ше?” деген мазмұндағы пікірлер тарады.

Астана қалалық полиция департаменті желіде тараған видеоға байланысты түсініктеме беріп, барлық қатысушылардың ұсталғанын мәлімдеді. Сот шешімімен Араш Гасанов 30 тәулікке қамалса, оның серіктеріне 15 тәуліктен әкімшілік қамау тағайындалды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер