Алматыда Orda.kz ақпарат агенттігінің журналистері экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы тұратын резиденция маңында түсірілім жүргізу кезінде ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы басылымға сілтеп.
Оқиға Дулати көшесінде орын алған. Журналистер Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жары Сара Назарбаеваның жағдайына қатысты тараған қауесеттер аясында резиденция маңында кәсіби қызметін атқарып жүрген. Басылым мәліметінше, полиция қызметкерлері тілшілерден түсірілген барлық материалды жоюды талап еткен.
“Журналистер заң бұзған жоқ. Біздің қызметкерлерге кәсіби міндетін орындауға кедергі келтіріп қана қоймай, оларды ұстап әкетті.
Қазірге дейін босатылған жоқ. Бұл мәселемен редакция айналысып жатыр. Полиция департаментінен ресми түсініктеме күтіп отырмыз”, – деп хабарлады Orda.kz редакциясы.
БАҚ беттерінде бірнеше уақыт бұрын тараған ақпарат бойынша, ұсталған журналистер қалалық полиция басқармасынан босатылған.
Кеше Алматыда Дулати көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылған. Әсіресе Тұңғыш Президент саябағының жоғарғы жағындағы резиденция маңында қауіпсіздік күшейтілгені айтылды.
Сондай-ақ Саин даңғылы мен оған жақын орналасқан бірқатар көшелерде де көлік қозғалысы шектелгені хабарланған еді.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз