Румынияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтуде

1002
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/image-26-960x500.jpg?token=58da61288e02c1fbce5297ae5f8ee999

Бүгін Румынияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Adevărul газетінің мәліметінше, ел аумағында 18 979 сайлау учаскесі ашылған. Олар Астана уақытымен 23:00-де жабылады.

Шетелде тұратын румын азаматтары үш күн бойы дауыс береді. Алғашқы сайлау учаскесі Жаңа Зеландияда 15 мамырда ашылған.

Сайлаудың алғашқы туры 4 мамырыда өтті. Онда ең көп дауысты "Румындарды біріктіру альянсы" (AUR) ұлтшыл партиясының жетекшісі Джордже Симион (41%) мен Бухарест мэрі Никушор Дан (21%) жинады.

2024 жылғы қарашада өткен президенттік сайлаудың

бірінші турында тәуелсіз кандидат Кэлин Джорджеску көш бастаған еді. Алайда 6 желтоқсанда Румынияның конституциялық соты дауыс беру нәтижелерін жойды. Себеп ретінде Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің құпиясыздандырылған құжаттары негізінде елеулі заңбұзушылықтардың тіркелгені айтылды.

2025 жылдың ақпан айының соңында Джорджескуге алты қылмыс бойынша айып тағылды. Оның ішінде сайлауалды науқанын заңсыз қаржыландыру және жалған ақпарат тарату бар. Тәуелсіз кандидат ретінде сайлауға қатысу үшін құжат тапсырғанымен, орталық сайлау комиссиясы оның өтінішін қабылдамады.

Комментарии