“Тіземе тұз жиналды". Германияда ота жасатқан кәсіпкер сүтті шайдың зиянын айтып, дабыл қақты

968
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/34057247-e80f-4544-bcb3-bc342768adb4-960x500.jpeg?token=ecd5cd23423b7018deea499f90fe9cd9

Танымал кәсіпкер, BI Group құрылыс холдингінің негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев өзінің денсаулығына қатысты Instagram парақшасында жазба жариялады. Ол сүт өнімдерінің ағзаға зияны туралы ғылыми зерттеулерге тоқталып, өзінің жеке тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды “Адырна”.

Кәсіпкер бірнеше жыл бұрын тізе буыны ауырғанын, кейін бұл сырқаттың себебі ағзада тұз жиналуы екенін анықтағанын айтты. Ол Германияда емделіп, буындарындағы тұздан арылу үшін ота жасатқан.

“Бірнеше жыл бұрын жүгіріп жүргенде менің тізем ауыра бастады. Тексеруден өтсем, буындарыма тұз жиналыпты. Германияда ота жасатып, бәрін тазалаттым. Ғылыми зерттеулер әлемдегі үлкен кісілерге сүттің зиян екенін дәлелдеген. Соның ішінде, Азиядағы қарт кісілердің 90 пайызына сүт ішу зиян болыпты. Мені бұл жаңалық тоқ соққандай, оятып жіберді",– деді ол.

Кәсіпкердің айтуынша, ол Дакар раллиі алдында Еуропадағы

тағамтану институттарының бірінде тексеруден өткен. Анализ қорытындыларын көрген дәрігер оның күнделікті сүт өнімдерін қаншалықты жиі қолданатынын сұрағанда, Рахымбаев дәрігердің реакциясына таң қалғанын жеткізді.

"Дакар алдында Еуропадағы тамақтану институттарының біріне бардым. Дәрігер менің анализдерімді тексеріп, сүтті қаншалықты көп ішетінім туралы сұрады. Мен таңертең сүтпен ботқа жейтінімді, сүт қосқан спорттық коктейль мен сүтті шай ішетінімді айттым. Дәрігер таңғалып, сүттің құрамында лактоза барын ескертті. Оны ересек адамның ағзасы көп жағдайда қорыта алмайды екен. Лактоза глюкоза мен галактозаға ыдырап, ағзадан толық шығып кетпейді. Галактоза (сүт қышқылы) буындарға жиналып, артрит пен тізеге тұз жиналуына әкеледі. Біздің аталарымыз сүттің зияны туралы білмесе де, біз заманауи зерттеулерді ескеруіміз керек. Бұл туралы жақындарыңызға айтып, ата-апаларға ескертіңіздер",– дейді кәсіпкер.

Комментарии