Қазақ қызы «Реал Мадридке» жұмысқа орналасты

1456
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_9313-960x500.jpeg?token=367a0a67d620c812e7e2610ea10e2001

Қазақстандық Альбина Бунеску әлемге әйгілі испандық «Реал Мадрид» клубының құрамында ресми түрде жұмысын бастады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Павлодарлық ару «Реал Мaдрид» клубында маркетолог ретінде қызмет етеді. Айтуынша, бұл жетістікке апарар жол оңай болмаған. Ол Астанада жылжымайтын мүлік сатып алу мен шетелде білім алу арасында таңдау жасаған. Тәуекелге барып, Мадридтегі жоғары оқу орнына түсіп, оқу барысында тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болған. Нәтижесінде  әйгілі клубпен еңбек келісімшартына қол қойылды.

«Магистратура барысында үздік төрт студенттің ғана осындай мүмкіндікке ие болуына жол ашылды. Айым оңынан туып, Real Madrid Marketing Team құрамында жұмыс істеу бұйырды. Қазірдің өзінде бірнеше халықаралық жобалар күтіп тұр. Жауапкершілік жоғары, бірақ мен дайынмын»,—деді ол.

Комментарии