21 мамырда Шерзат Полат ісі бойынша өткен сот отырысындағы түскі үзіліс уақытында күдіктілердің әңгімесі байқаусызда тікелей эфирге түсіп қалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«– Көзіме жас келе жаздады, дұрыс сөйледім бе?
– Саған көп сұрақ қоймайды, уайымдама, сөйлесіп қойғанмын»,—делінген желіде тараған видеода.
Диалог кімдердің арасында болғаны белгісіз. Алайда желі қолданушылары бұл әңгімеге айыпталушылар мен олардың қорғаушыларының қатысы бар деп болжап отыр.
Еске салайық, 21 мамырда сотталушы Абзал Шынасыл сотта жауап берген болатын.