Талдықорғанда жер сілкініп, Шерзаттың қазасына қатысты сот үзіліс жариялады

1008
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/photo-output-7-960x500.jpeg?token=883724c508feb03594b051409d918d06
Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында жер сілкініп, отырыста үзіліс жарияланды. Төтенше жағдайлар министрлігі Талдықорғанда жер сілкінісі болғанын растады, деп хабарлайды ”Адырна”. «Сейсмологиялық зерттеу институты» 2025 жылы 23 мамырда Астана уақытымен 16 сағат 01 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан шекарасында Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 шақырымда орналасқан», - деп хабарлады ТЖМ. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ. Жер сілкінген сәтте сот отырысында сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров сараптама қорытындысын айтып, оған жәбірленуші тараптың адвокаттары сұрақ қойып жатқан еді.
Комментарии