Досаевтың орнына жаңа әкім таңдалуы мүмкін

1181
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/7a868f87-03d8-481c-83c0-1d65b0b60fcd-960x500.jpeg?token=cdee648dbf151caab8356592816b19a4
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі қала әкімін сайлау үшін мәслихат депутаттарының жиналысы өтетінін жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. «Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімін тағайындауға келісім беру үшін Алматы қаласының мәслихаты 2025 жылғы 24 мамыр күні сағат 12:00-де VIII сайланымдағы Алматы қаласы мәслихат депутаттарының жиналысы өтетіндігін хабарлайды», – делінген әкімдік хабарламасында. Айта кетейік, Ерболат Досаев Алматы әкімдігінің басшылығына «Қанды қаңтар» оқиғасынан кейін, яғни 2022 жылдың қаңтарында келген болатын.
Комментарии