Ақтауда ұшақ апаты болған жерде мемориал орнатылды

1122
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/whatsapp-image-2025-05-25-at-16.02.09-960x500.png?token=0523e96b0d4b4afa42fd28d153261306
Ақтау қаласы маңында әуе апатынан марқұм болғандарды еске алуға арналған мемориал орнатылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Мемориал – ұшақ сынықтары табылған жерге қойылған металл қоршаудан тұрады. Айналасына гүлдер отырғызылып, келушілер үшін орындықтар орнатылған. Бұл кеңістік – қайғы мен естеліктің ерекше атмосферасын қалыптастыруға бағытталған. “Бұл орын бүкіл елді есеңгіреткен қайғылы оқиғаның символына айналды. Адамдар өмірдің қаншалықты нәзік екенін еске салатын белгі ретінде оны сақтап қалғысы келді”, – делінген хабарламада. Түпқараған ауданы әкімдігінің мәліметінше, мемориалды орнату бастамасы жергілікті тұрғындардан шыққан. “Қайғылы оқиға құрбандарын мәңгі есте қалдыруды халық өзі қалап, барлық жұмыстар мен материалдарды өз қаражаттарымен қамтамасыз етті. Мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінген жоқ”, – деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі. Еске сала кетейік, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған Embraer 190 жолаушылар ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырап, бірнеше адам қаза тапқан еді.
Комментарии