Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысымен және қала дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен танысты.
Сапар аясында ерекше назар электронды коммерция мен туризмді дамытуға аударылды.
Kaspi.kz және Magnum – заманауи сауданың үлгісі
Жиын барысында Kaspi.kz инновациялық қазақстандық компаниясының басшысы және тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе Kaspi.kz платформасындағы Magnum онлайн супермаркетінің жетістіктері туралы айтты. Оның мәліметінше, 2025 жылдың өзінде аталған платформа арқылы 800 мыңнан астам қазақстандық 5,3 миллион онлайн тапсырыс берген.
Сатылған өнімдердің 50%-дан астамы – отандық тауарлар, бұл жергілікті өндірушілерді қолдаудың тиімді тетігіне айналғанын көрсетеді. Сонымен қатар, 4,5 мың жұмыс орны құрылып, мемлекеттік бюджетке 5 миллиард теңге салық түскен, оның 2,4 миллиарды – 2024 жылдың үлесінде.
«Dark Store» форматындағы жаңа қойма
Премьер-министр Алматыдағы «Magnum E-commerce Kazakhstan» ЖШС-нің Dark Store форматындағы заманауи қоймасына барды. Бұл хаб тәулігіне
18 мыңға дейін тапсырысты өңдеуге қауқарлы. 13 миллиард теңге инвестиция құйылып, 800 жұмыс орны ашылған.
Электронды сауда бүгінде ел экономикасының маңызды бағытына айналды. Соңғы 5 жылда Қазақстандағы e-commerce нарығы 5 есеге өсіп, 3,2 триллион теңгеге жетті. Оның 95%-дан астамы Алматы қаласына тиесілі.
Туризм мен инфрақұрылым – экономиканы әртараптандырудың жолы
Сапар барысында Олжас Бектенов туризм саласын дамыту бағытындағы жобалармен де танысты. 2024 жылы Алматыға 40,2 млрд теңге инвестиция тартылып, демалушылар саны 2,3 млн адамнан асты. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 2,5 млн-ға жетеді деп күтілуде.
«Hilton», «Radisson», «Renion» және «The Veil» сынды әлемдік брендтердің жаңа қонақүйлерінің құрылысы 2027 жылға қарай бөлмелер санын 1,5 есеге арттыруға мүмкіндік береді.
Премьер-министр Үкіметтің сауда мен транзитке инфрақұрылым қалыптастыруда барлық қажетті қолдауды көрсетіп отырғанын атап өтті.



Новости по теме
