Сұлтан Сүлеймен де сотталды

993
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/maxresdefault-3-960x500.jpg?token=0b2f754304fb780d35ef494dbc44a71a

Түркияда Сұлтан Сүлеймен  рөлімен әлемге танылған Халит Эргенч пен «Чукур», «Іште» телехикаяларымен белгілі болған Рыза Коджаоғлуға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ыстамбұлда өткен наразылық акцияларына байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында, сот қос актерді жалған куәлік берді деп танып, қылмыстық жауапкершілікке тартқан. Нәтижесінде Халит Эргенч 1 жыл 10 ай 15 күнге, ал Рыза Коджаоғлу 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Іс бойынша нақты деректер жарияланбағанымен, актерлер тергеу барысында куәгер ретінде тартылып, жалған ақпарат бергені айтылған. Осы жағдай айыптау үкімінің басты негізіне айналған.

Сот шешімі Түркия қоғамында үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желілерде жұрт актерлерге қолдау білдіруде және соттың әділеттілігіне күмән келтіріп отыр.

Комментарии