Ерлан Қарин: Қазақстан азаматтығына қабылдау үшін былтырдан бері мемлекеттік тілді білу керек деген талап енгізілді

836
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/6033dc8b-f384-41c0-bcc9-a69732dc1f51-960x500.jpeg?token=7578c1422843ad6b2e5144c3a6a2f04e
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығару мәселелері қаралды. Жиналыста Мемлекеттік кеңесші: «Тура бір жыл бұрын 2024 жылы 16 мамырда Мемлекет басшысы арнайы заңға қол қойған болатын. Бұл құжатқа сәйкес, азаматтық алу және оны қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тіл, Конституция негіздері және Қазақстан тарихы бойынша тест тапсыру қажет. Мұндай жүйені енгізу мемлекетке, төл тарихымызға және ана тілімізге құрметпен қарауға, сондай-ақ азаматтық жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді. Бұдан бөлек, аталған шаралар үміткерлердің тыңғылықты дайындалып, халықпен етене араласып кетуіне мүмкіндік береді», – деп атап өтті.
Комментарии