«Бір адам қаза тапты». Алматыдағы құрама жем зауытында жарылыс болды

991
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_9548-960x500.jpeg?token=96c6ec1f447dbe57f995f61179e5d567

Алматы облысында орналасқан «АзияАгроФуд» құрама жем зауыты аумағында ұн тозаңының жарылысы болды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға салдарынан 4 адам зардап шеккен, оның ішінде 1 қызметкер қаза тапты. 

Компания өз қызметкерлерінің денсаулығына шынайы алаңдаушылық білдіретінін және зардап шеккендер мен олардың отбасыларымен үнемі байланыста екенін жеткізді.

«Қазіргі уақытта біздің басты мақсатымыз – зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсету, кәсіпорын аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оқиғаның себептерін мұқият анықтау. Біз ішкі тексерісті бастадық және орын алған оқиғаны жан-жақты зерттеу үшін тиісті органдармен толық ынтымақтастық орнаттық», – деді «АзияАгроФуд» АҚ басқарма төрағасы Саян Әшенов.

Комментарии