Ақтаудағы жағажайда Toyota маркалы пикап жүргізушісі жүзу құралын суға түсіру үшін теңізге кірген. Алайда көлік құмға батып, тұрып қалған. Бұл сәт түсірілген видео желіде кеңінен тарап кетті, деп хабарлайды “Адырна” Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Бейнежазба 25 мамырда әлеуметтік желілерде таралған. Кадрларда пикаптың теңізге кіріп, құмға батып қалғаны көрінеді. Жағажайдағы демалушылар бұл жағдайға аса мән бермей, көңіл көтеруді жалғастырған. Біреулер көлік фонында билеп жатса, енді біреулер тіпті үйлену туралы
Полицияның баспасөз қызметі бұл оқиғаның өткен демалыс күндері қала жағажайларының бірінде болғанын растады.
«Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі жүзу құралын суға түсіру мақсатында теңізге кірген, алайда көлігі құмға батып, тұрып қалған. Жүргізуші көлікті өз күшімен шығарған, ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді», – деп хабарлады полиция өкілдері.