Алматы Орталық Азияның үздік қаласы атанды

964
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/38e182be-c111-40d2-8331-fb3cb9694f11-960x500.jpeg?token=43b94fd39020314f26a6727a90d1def9
Орталық Азия қалалары тізімінде Алматы бірінші орынды иеленді. Бұл туралы Oxford Economics консалтингтік компаниясы 2025 жылға арналған Global Cities Index рейтингін жариялады, деп хабарлайды “Адырна”. Рейтингте Алматы мен Астана Орталық Азия елдері арасында жоғары сатыда тұр. Алматы жалпы рейтингте 258-орынды иеленсе, «Адами капитал» санатында Қазақстанның 64-орынға жайғасқан. Орталық Азия қалалары тізімінде Алматы бірінші орынды иеленді. Одан кейін Астана (276-орын) келеді. Сондай-ақ тізімге Ташкент қаласы еніп, Орталық Азия бойынша үшінші, жалпы есепте 471-орынды иеленді. Бішкек Орталық Азия бойынша төртінші, жалпы рейтингте 498-орында тұр. Үздік бес орталықазиялық қалалар тізімін Шымкент (534-орын) қорытындылайды. Айта кетсек, Oxford Economics – экономикалық зерттеулер мен болжамдарға маманданған жетекші тәуелсіз консалтингтік фирма. Олар бизнеске, мемлекеттерге және халықаралық ұйымдарға белгісіздік жағдайында стратегиялық шешімдер қабылдауға көмектесетін аналитикалық қызметтер мен модельдерді ұсынады. Oxford Economics сарапшылары әлемдегі мыңдаған ірі қаланы бес негізгі критерий бойынша бағалайды: экономика, адами капитал, экология, басқару және өмір сапасы. 2025 жылы рейтингті Нью-Йорк бастап тұр.
Комментарии