АҚШ президенті Дональд Трамптың өтінішіне қарамастан, Ресей Украинамен өтетін келіссөздерге президент Владимир Путиннің көмекшісі Владимир Мединскийді қайтадан жіберетінін мәлімдеді. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова 29 мамыр күні «Россия 24» телеарнасының эфирінде айтты, деп хабарлайды “Адырна”.
Захарованың айтуынша, 2 маусымда Стамбулда өтуі жоспарланған екінші раунд келіссөздерге Ресей делегациясының құрамы өзгеріссіз қалады. Владимир Мединский бұған дейін де – 2022 жылы және 2025 жылдың мамыр айында өткен келіссөздерге ресейлік делегацияны бастап барған еді. Алайда оның қатысуы Батыс тарапынан, әсіресе АҚШ пен кейбір еуропалық елдерден сынға ұшыраған.
АҚШ әкімшілігі, атап айтқанда президент Трамп пен оның командасы, Мединскийдің келіссөз процесінен шеттетілгенін қалайды. Америкалық шенеуніктер, Киев пен Мәскеу арасындағы диалогты ұйымдастырып отырған тараптар, "қатаң ұстанымды ұстанатын" тұлғалардың келіссөздерге қатысуына қарсы. Олар Мединскийдің бұрынғы Ресей мәдениет министрі ретіндегі қызметін, сондай-ақ Украинаға қатысты басқыншылықты ақтайтын оқулықтардың авторы екенін алға тартады.
Ресей мен Украина өкілдері арасындағы алдыңғы кездесу 16 мамыр күні Ысамбұлда өткен болатын. Бұл соңғы үш жылдан астам уақыттағы алғашқы тікелей
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Мединский халықаралық қауымдастық Қырым мен Ресейдің «жаңа өңірлері» деп аталатын аймақтарды аннексиялағанын мойындауы тиіс екенін айтқан. Басқа шарттар қатарында ол Украинаның бейтарап мәртебесін және оның аумағында шетелдік әскерлердің болмауын атады.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров келіссөздердің екінші кезеңін 2 маусымда Ыстамбұлда өткізуді ұсынды. Бұған жауап ретінде украин тарапы Ресейдің бітімге келу шарттарын алдын ала жариялауын талап етті, алайда Кремль нақты ұсыныстар тек делегациялар кездескен кезде айтылатынын жеткізді. Киев әлі күнге дейін келіссөздерге қатысатынын ресми түрде растаған жоқ. Осы аралықта АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Лавровпен келіссөз жүргізіп, Ресей тарапын Украинамен тікелей диалогқа шақырды.