Тәжікстан басшысы Душанбеде өткен мұздықтарды сақтау жөніндегі алғашқы халықаралық жоғары деңгейдегі конференцияда сөз сөйледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Президенттің айтуынша, мұздықтар — ауыз судың негізгі көзі. Сондықтан оларды сақтау — орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудің маңызды шарты. Мұздықтардың еруі әсіресе таулы аймақтардағы сел, көшкін мен су тасқындарын көбейтіп, инфрақұрылымға айтарлықтай залал келтіреді.
Бүгінде Тәжікстандағы 14 мың мұздықтың 1300-і толық еріп кеткен. Бұл үрдіс тоқтаусыз жалғасуда. Рахмон әлем елдерін мұздықтарды зерттейтін ғылым салаларын қолдауға және «Криосфера ғылымдары
бойынша іс-қимыл онжылдығын» жүзеге асыруға шақырды.
Сондай-ақ, Эмомали Рахмон мұздықтарды сақтау үшін мынадай ұсыныстарын білдірді. Яғни, халықаралық қауымдастықтың мұздықтардың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру қажет. Ғылыми-зерттеу ұйымдары мен азаматтық қоғам өкілдерін тарту арқылы халықаралық ынтымақтастықты күшейту, мұздықтардың еру процесін кешенді зерттеу қажеттілігі туындап тұр. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық салдарға қарсы бірлескен шаралар қабылдау керек.
«Біздің басты мақсатымыз — осы өмірлік маңызы бар ресурстарды қазіргі және болашақ ұрпақ үшін сақтау», — деді Эмомали Рахмон.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз