Алматыда түнгі клубта қызметкерін зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы желіде жәбірленуші видео жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше өзін Елисей деп таныстырған азаматша Алматы қаласындағы түнгі мекемелердің бірінде зорланғанын айтқан, бұл туралы видео әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында анықталды.
«Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында жәбірленушінің жеке басы анықталып, ол
полицияға ресми түрде арызданды», - деп жазылған хабарламада.
Күдікті ретінде 29 жастағы азамат – аталған мекеменің басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Алдын ала тергеудің барысын Алматы қалалық полиция департаментінің басшылығы бақылауға алды», - дейді полиция қызметкерлері.
Тергеу барысында күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріледі, оның ішінде мәлімделген жағдайлар ескеріледі.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз