Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ұсталды. Бұл туралы «Выход к правде» telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«10 маусымда Руслан Жақсылықов тергеуге алынып, Астана қаласының уақытша изоляторына қамалған»,–делінген хабарламада.
Кейінірек экс-министр Tengrinews.kz бас редакторымен телефон арқылы сөйлесіп, бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Бос сөз. Біріншіден, ресми ақпарат көздеріне сену керек. Мен демалыстамын. Маған демалуға мүмкіндік берді. Үш жарым жылдан бері демалысқа шыққан жоқпын. Білесіз бе, қызмет осыны талап етеді», - деді ол.
Айта кетейік, 8 маусымда Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі қызметінен босатылған еді.