Абылайхан Жүсіповтің жеңісі. Өзбекстан тарапы төрешілер шешіміне күмән келтірді

1423
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/photo-output-14-960x500.jpeg?token=3858c0640704d5eb9db54104a5c28588

Өзбекстан бокс федерациясы Eindhoven Box Cup турниріндегі қазақстандық Абылайхан Жүсіпов пен өзбекстандық Асадходжа Муйдинходжаев арасындағы финалдық жекпе-жек нәтижесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«70 келі салмақ дәрежесіндегі Асадходжа Муйдинходжаев пен қазақстандық Абылайхан Жүсіпов арасындағы финалдық жекпе-жек бірінші раундтан кейін қазақстандық боксшы жарақат алғандықтан жалғаспады. Тең деңгейде өткен бірінші раундтан кейін түсініксіз төрешілік шешімдердің салдарынан жекпе-жек тоқтатылды. Нәтижесінде 2:3 есебімен Абылайхан Жүсіповтің жеңісі тіркеліп, жеңіс Қазақстан боксшысына берілді»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, төрешілер шешімі бойынша жеңіс Абылайхан Жүсіповке беріліп, ол турнир чемпионы атанған еді.

Комментарии